Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бата беріп, тілеуімді тіледіңіз": Димаш Құдайберген Бибігүл Төлегенованы туған күнімен ерекше құттықтады (видео)

Жарияланған күні:

Скриншот видеодан алынды.
Скриншот видеодан алынды.: kudaibergenov.dimash

Танымал әнші Димаш Құдайберген қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенованы туған күнімен құттықтап, өзінің жүрекжарды тілегін арнады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Димаш Құдайберген Бибігүл Төлегенованы туған күнімен құттықтауға арнайы үйіне барған. Ол сондай-ақ желідегі парақшасында халқымыздың күміс көмей әншісіне өз тілегін арнаған.

"Аса құрметті Бибігүл Ахметқызы Төлегенова! Сізді туған күніңізбен құттықтаймын! Қазақ ән өнерінің негізін салушы, тұтастай еліміздің абыз анасы тек қуанышқа бөлене бергей! Апамыз биыл 93 жаста!

Әлі есімде 2015 жылы "Славян базарына" барғалы жатқанда аналық ақ батаңызды беріп тілеуімді тіледіңіз. Қытай елінде де,Америка елінде де,басқа мемлекеттерде де жарыста жүрген кездерімде әрқашан бата беріп шығарып салатын кездеріңіз мәнгі есімде қалады. Қазақ ән өнерінің – анасы екендігіңіз сөзсіз.

Бибігүл апа, сізге, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, 95 және 100 жылдығыңызды дүркіретіп атап өтейік! Сіздің күш жігеріңіз, еңбек еткен жолдарыңыз барлығы бізге, барлық жастарға үлгі өнеге! Қазақ қоғамы апамыздың өнерін сақтап, ғасырдан ғасырға жеткізу әр азаматқа парыз!", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары Дима Құдайбергеннің ілтипатына дән риза болған. Олар: "Жарайсың Димаш, Бибігүл Ахметбекқызының жолы мен бағын саған берсін", "Қос аңыз, қандай әдемі көрініс", "Димаш сені осылай тәрбиеленген ата-әжеңе, ата-анаңа мың алғыс", "Апамыз 100 жасасын, жарайсың Димаш", -деп жазды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2001897-bata-berip-tileuimdi-tilediniz-dimas-qudaibergen-bibigul-tolegenovanyn-tugan-kunimen-uiine-baryp-arnaiy-quttyqtady-video/