Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мені менсінген жоқ": Жұлдыз Әбдукәрімова жұмысқа алынбағаны үшін қатты намыстанған кезін еске алды

Опубликовано:

Жұлдыз Әбдукәрімова студияда
Жұлдыз Әбдукәрімова. Фото: instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Белгілі актриса, Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдукәрімова колледж дипломымен театрға жұмысқа тұра алмаған сәттерін еске алды. Бұл туралы ол өзі жүргізетін "Хабар" арнасындағы "Оян" бағдарламасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама эфирінде қазақстандықтардың енді арнайы дипломсыз-ақ жұмысқа қабылданатыны талқыланған.

Тақырыпты ашу барысында жүргізуші Жұлдыз Әбдукәрімова кезінде өзінің жұмысқа тұра алмағанын айтты.

"Өз тәжірибемнен айтайыншы. Колледжді тәмамдағаннан кейін орта білім туралы дипломмен театрға барамын. Жұмысқа орналасу үшін... Мені менсінген жоқ. "Сенің мына білімің білім емес", - деп, қайтарып шығарып жібереді.

"Алып шыға алмайсың, сен жұмыс істей алмайсың", - дегені кәдімгідей намысыма тиіп кетті", - дейді Жұлдыз.

Еске сала кетейік, Жұлдыз Әбдукәрімова бұл күндері жүргізуші және актриса ретінде халыққа танымал. Ол фильмге түсуден бөлек, театрда басты рөлдерді сомдайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2002050-meni-mensingen-zoq-zuldyz-abdukarimova-zumysqa-alynbagany-usin-qatty-namystangan-kezin-eske-aldy/

pixel