Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Динара Бақтыбаева көпшілікке екінші қызын көрсетті (фото)

Опубликовано:

Динара Бақтыбаева отбасымен
Динара Бақтыбаева отбасымен. Фото: instagram.com/dika_strai

Отандық актриса Динара Бақтыбаева жақында екінші рет ана атанды. Өнер иесі отбасылық фотосессия жасап, екінші қызын көпшілікке алғаш рет көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Менің екінші қызыммен танысып қойыңыздар. Бүгін ол төрт айға толды. Баланың темпераментін туған кезінен бастап байқауға болады екен. Аямен өткен алғашқы 40 күнім ұйқысыз болды. Ал екінші қызыммен керісінше, тіпті перзентханада уақытымды қалай өткізерімді білмедім. Ол әлі күнге сондай сабырлы.

Мен "Мұндай болуы мүмкін бе?" деп таңғалдым. Мүмкін мен өзіне сенімді әрі сабырлы анаға айналған шығармын?", - деп жазды актриса Instagram желісінде.

Ал желі қолданушылары актрисаның қыздары кімге ұқсайтынын жарыса жазып, пікір қалдырған.

"Сізге ұқсайды екен", "Тұңғышыңыз - әкесіне, кенжеңіз - өзіңізге тартқан екен", "Екінші қызыңыз айнымаған анасы ғой", - деп пікір қалдырды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2002378-dinara-baqtybaeva-ekinsi-qyzyn-kopsilikke-korsetti/

pixel