Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айқын мен Жұлдыз Өмірғали: бес жылда бірінші рет балаларсыз бардық (видео)

Опубликовано:

Айқын мен Жұлдыз Өмірғали
Айқын мен Жұлдыз Өмірғали. Фото: "Түнгі студия" бағдарламасы

Жұлдызды жұп Айқын мен Жұлдыз Өмірғали "Түнгі студия" бағдарламасына келіп, тың жаңалықтарымен бөлісті. Өнер иелері қазіргі таңда құрылысы жүріп жатқан үйі жайлы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдызды жұп балаларын ата-анасына қалдырып, Америкаға барып келген.

"Бес жылда бірінші рет балаларсыз бардық. Балаларды ата-анамызға қалдырдық. Он күн балаларсыз шықтық", - деді Айқын мен Жұлдыз.

Сонымен қатар әншілер жаңадан салынып жатқан үйлері жайлы айтып берді.

"Айқын үйдің жоспарымен ақылдасады. Біз бір жыл көлемінде үйдің жоспарын, дизайнын жасадық. Кейін дизайнер шақырып, 3D нұсқасын жасаттық. Қазір үйдің іші-сырты жасалып жатыр. Бір жыл бойы үйдің сырты қара мен ақ түсте болады деп жүрдім. Сосын бір күнде қоңыр мен қара түске өзгерттік ", - деді Жұлдыз Өмірғали мен Айқын Төлепберген.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Жұлдыз Өмірғали Айқынның бірінші некесінен туылған балалармен қандай қатынаста екенін айтқан болатын.

Сонымен қатар әнші жұбайы Айқынның 4 баласына төрт үй алып қойғанын да мәлім етті.

"Үлкен баласында коттедж үйі бар. Қызында үш бөлмелі пәтер бар. Қазір тұрып жатқан үйімізді Аяның атына қалдырады. Ал жаңадан салынып жатқан үйді "Санжардың атында қалдырамыз" дейді. "Кейін Санжар бізбен тұруға келіспесе, өзімізге үй салып аламыз" дейді. Сол жағынан Айқынның маған азамат ретінде, ер адам ретінде уәдесінде тұратыны ұнайды", - деді Жұлдыз Өмірғали.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2002379-aiqyn-men-zuldyz-omirgali-bes-zylda-birinsi-ret-balalarsyz-bardyq-video/

pixel