Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айқын мен Жұлдыз Өмірғали Майамиде түсірілген бейнебаянның тұсауын кесті (видео)

Опубликовано:

Айқын мен Жұлдыз Өмірғали
Айқын мен Жұлдыз Өмірғали. Кадр: Бейнебаяннан скриншот

Қазақстандық жұлдызды жұп Айқын мен Жұлдыз Өмірғали көпшілікке Майамиде түсірілген бейнебаянын таныстырды. Желі қолданушылары олардың жаңа туындысын жылы қабылдады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Осыған дейін Айқын мен Жұлдыз балаларсыз Америкаға он күнге барғанын айтқан болатын.

Сонымен қатар Айқын осыған дейін бейнебаянның үзіндісін Instagram желісінде жариялады.

Желі қолданушылары жұлдызды жұптың жаңа туындысы көңілден шыққанын айтып, жағымды пікір қалдырған.

"Құттықтаймын", "Жұлдыз әрдайым сұлу ғой", "Махаббаттарыңыз мәңгі болсын", "Ерекше ән", "Әннің сөздері жақсы екен", "Керемет", - деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Жұлдыз Өмірғали Айқынның бірінші некесінен туылған балалармен қандай қатынаста екенін айтқан болатын.

Сонымен қатар әнші жұбайы Айқынның 4 баласына төрт үй алып қойғанын да мәлім етті.

"Үлкен баласында коттедж үйі бар. Қызында үш бөлмелі пәтер бар. Қазір тұрып жатқан үйімізді Аяның атына қалдырады. Ал жаңадан салынып жатқан үйді "Санжардың атында қалдырамыз" дейді. "Кейін Санжар бізбен тұруға келіспесе, өзімізге үй салып аламыз" дейді. Сол жағынан Айқынның маған азамат ретінде, ер адам ретінде уәдесінде тұратыны ұнайды", - деді Жұлдыз Өмірғали.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2002535-aiqyn-men-zuldyz-omirgali-maiamide-tusirilgen-beinebayannyn-tusauyn-kesti-video/

pixel