Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құралай Анарбекова көпшіліктен неге үйін жасыратынын айтты (видео)

Опубликовано:

Құралай Анарбекова
Құралай Анарбекова. Фото: instagram.com/kuralay_corich

Отандық фильмдердің режиссері, актриса Құралай Анарбекова көпшілікке үйін неліктен көрсетпейтінін айтты. Актриса тіпті үйіне көп достарын шақырмайтынын да "TALK LIKE" бағдарламасында мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Үйге кез келген адамды кіргізе бермейсің. Мен аузым күйгеннен кейін, сатқындықты көргеннен кейін достарды кіргізуге тырыспаймын. Достар дегенде, 2-3 досым мен ата-анам, ағам келеді. Адамдарға сенбеймін және менің қай жерде тұратынымды білгенін қаламаймын", - деді Құралай Анарбекова.

Сонымен қатар актриса бизнесінің бәрін карантинге дейін сатып жібергенін айтты.

"Карантинге екі ай қалған кезде өзіммен-өзім санап отырмын. "Осынша жылда, осынша қаражат табамыз. Қанша адам еңбектеніп жатыр. Ал бұл бизнеске қанша еңбек төгіп жатырмыз, нәтижесі не береді?" деп ойландым. Сосын сіңліме айтып, жарнама бердік. Екі бизнесімді де франшизасымен бірге сатып жібердім.

Маған кейін сатып алған адамдар "Сіз біліп саттыңыз ғой бізге" дейді. Құдай көріп тұр ғой, білген жоқпын. Өзімде "Сатып жіберу керек" деген сезім болды. Қазіргі таңда кинодан басқа табыс көздерім бар", - деді Құралай Анарбекова.

Естеріңізге сала кетейік, Құралай Анарбекова осыған дейін өмірдегі ең басты мақсаты жар болып, ана атану екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2002575-quralai-anarbekova-kopsilikten-nege-uiin-zasyratynyn-aitty-video/

pixel