Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ләйлә Сұлтанқызы: Жолдастарым "оның саған деген махаббатын білетін едік қой" деп жылады.(видео)

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы жұбайымен
Ләйлә Сұлтанқызы жұбайымен. Фото: instagram.com/sultankyzy

Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жұбайы жайлы алғаш рет толықтай баяндап берді. Марқұм Қайрат Беркімбаевтың жұбайы атанып, екі ұл сүйген тележүргізуші оның өзіне деген махаббатын жақын адамдарының барлығы білгенін Youtube арнасында мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қайраттың қандай күйеу, әке болғанын, отбасында өзін қалай ұстағанын мен сағаттап айта аламын. Оның әрбір адамды түсіне алатынын айта аламын. Біздің үйде дастарқан жиналмайды. Үйде дастарқанның жиналғанын жақтырмайтын. "Біздің үйге бір жұлдыз жетеді" деп айтатын.

Ол мені қатты еркелетті. Менің жолдастарым "Біз оның саған деген махаббатының қандай екенін білетін едік қой" деп жылады. Барлығына "Бұл қыздың артынан мен қанша жыл жүгірдім" деп айтып берген ғой. Жақын адамдардың барлығы біледі. Қайын апаларым әлі күнге айтып отырады.

Көп нәрсе айтқым келеді ғой. Қайрекең туралы естеліктерді бөлісермін, бірақ ол туралы толықтай алғашқы және соңғы айтқаным болсын. Ол оны қаламас еді. Көзі тірі болғанда, ол өзі туралы айтқызбас еді", - деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Естеріңізге сала кетейік, Қайрат Беркімбаев биылғы жылдың қарашасында өмірден өткен болатын.

Сондай-ақ жұбайының қырқын берген тележүргізуші күйеуі жайлы естеліктерін бөлісіп, неліктен тойы болмағанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2003011-laila-sultanqyzy-zoldastarym-biz-onyn-sagan-degen-maxabbatynyn-qandai-ekenin-biletin-edik-qoi-dep-zylady-video/

pixel