Жұбайымен билеген Ғаділбек Жаңай көпшілікті сүйсінтті (видео)
Опубликовано:

Отандық әнші Ғаділбек Жаңай әйелімен билеген видеоны Instagram парақшасына жариялап, желі қолданушыларының қолдауына ие болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әншінің өзі әлеуметтік желіде жұбайын видео астына белгілеп, "Бақыт үйіңнен бастау алады", - деп жазып қойды.
Ал желі қолданушылары Ғаділбек Жаңай мен жұбайының бір-біріне ұқсайтынын айтып, бақыт тіледі.
"Алла берекелі ғұмыр берсін", "Әйеліңіз сұлу екен", "Бір-біріңізге қатты ұқсайсыздар", "Әдемі жұп", "Алла махаббаттарыңызды мәңгі қылсын", "Ғаділбек өзі сұлу, нағыз жігіттің төресі. Бақытты болсын, келіншегімен", "Бақытты әйел жайнап, жадырап көрініп тұрады", "Ғаділбек, өте жарасымды, бір-біріңе ұқсас жұпсыңдар", "Бақытты болыңыздар", - деп жазды желідегілер.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ғаділбек Жаңай желі қолданушыларына отбасын көрсеткен болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2003019-zubaiymen-bilegen-gadilbek-zanai-kopsilikti-suisintti-video/