Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"20 минутта шығардым": Айқын Төлепберген жұбайы Жұлдызға қандай хит ән арнағанын айтты

Опубликовано:

Айқын Төлепберген, Жұлдыз Өмірғали
Айқын Төлепберген, Жұлдыз Өмірғали. Фото: instagram.com/aikyn

Айқын Төлепбергеннің репетуарындағы әндердің бірі қазіргі таңда хитқа айналуда. Әншінің айтуынша, бұл туынды күтпеген жерден жарыққа келген, деп жазады "Жақсы адамдарым" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бағдардама қонағы болған Айқын "Сенші, шын айтамын" әнінің жазылу тарихын баяндап берді.

"Бұл ән негізі 20 минутта шыққан туынды. Карантин кезінде кафе, мейрамханалар түгел жабық болды. Біз достарымызбен бірге пәтерде тығылып, шай ішу үшін жиналатынбыз. Сондай сәттердің бірінде байқамай таңға дейін жүріп, үйге 9-10 шамасында келдім.

Сол кезде осынша ұзаққа кеткен мені Жұлдыз біраз сыбап алды. "Қайда жүрсің таңға дейін?" деген сөздер кетті. Осы кезде мен: "Жаным, мен сені сүйем, Сенші, шын айтамын", - дедім. Бір қызығы, осы әнді жазарда шабыттанып, "Сенші, шын айтамын" туындысын 20 минутта жазып шықтым. Кейін өңдеп, ән дүниеге келді", - дейді Айқын.

Айта кетелік, жақында Айқын мен Жұлдыз АҚШ-тың Майами қаласында клип түсіріп, тұсаукесерін өткізген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2003151-20-minutta-sygardym-aiqyn-tolepbergen-zubaiy-zuldyzga-qandai-xit-an-arnaganyn-aitty/

pixel