Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2022 жылы ата-ана атанған жұлдыздар кімдер

Жарияланған күні:

Айым Сейтметова
Айым Сейтметова. Фото: instagram.com/aiymsm

2022 жылы шоу-бизнес әлемінде ата-ана атанған жұлдыздар кімдер? KAZ.NUR.KZ назарларыңызға өнер әлеміндегі тұңғышы өмірге келіп, әке-ана атанған өнер иелерінің тізімін ұсынады.

Жәния Джуринская

Биылғы жылдың маусымында актриса Жәния Джуринская тұңғышын дүниеге әкелді. Өнер иесі мен жұбайы қызды болды.

Кейінірек Жәния Джуринская тұңғышына қандай есім бергенін жария етті. Ол нәрестеге өзі бала күнінен армандаған есімді таңдаған.

Актриса қызына өз әжесінің есімін берген болып шықты. Ол перзентіне София деген ат қойған. Алайда қызығы, ерлі-зайыпты шынайы өмірде сәбиін Софи деп атамақ.

"Софи. Бұл есімге жасөспірім кезімнен ғашықпын және қызымды осылай атауды армандадым. Әрі бұл менің әжемнің есімі. Қыз күтіп жүргенімізді білгенде Данияр менің қалауымдағы есімді қолдады. Тек есімнің соңындағы "я" әрпі үшін екеуміз біраз таласқанымыз бар. Мен София, ал ол Софи болғанын қалады. Бірақ босану кезінде менің қалай қиналғанымды көріп, күйеуім мені аяп кетті де, әрең дегенде: "Жарайды, құжатта София болсын, өмірде Софи деп атаймыз", - деп жазды өнер иесі.

Мақпал Исабекова

Биылғы жылы ана атану бақыты бұйырған жұлдыздар ішінде Мақпал Исабекова да бар. Сүйгенін жолықтырып, тұрмысқа шыққан әнші 38 жасында ана атанды.

Мақпал Исабекова өмірге ұл баланы әкелді. Жақында сұхбат берген әнші бағдарлама барысында қазіргі таңда ұлының жанында болатынын айтты.

Сонымен қатар актриса өзіне қойылған диагноз жайлы айтып, бағдарламада көзіне жас алды.

Айым Сейтметова

Актриса әрі блогер Айым Сейтметова 2022 жылдың наурызында алғаш рет ана атанды. Желі жұлдызы қызды болды.

"30.03.2022. Бұл күні мен алғаш рет ана атандым. Қызым, бұл әлемге қош келдің. Сондай тәттісің", - деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Қуандық Рахым

2022 жылдың мамырында әнші Қуандық Рахым әке атанды. Әншінің жұбайы өмірге қыз баланы алып келді.

Алғашқылардың бірі болып сүйіншіні Ерке Есмахан сұрады. Ол Қуандықты әке болуымен шын жүректен құттықтап, өз ақ тілегін жолдады.

"Қызыңның бауы берік болсын. Құттықтаймын! Ата-ана болуларыңмен! Бір тойыңа қызмет етерім бар, бұйырса", - деп жазды әріптесін құттықтаған әнші.

Айсәуле Бақытбек

Белгілі продюсердің қызы Айсәуле Бақытбек те 2022 жылдың қаңтарында алғаш рет ана атанғандар қатарында. Ол өмірге қыз баланы алып келді.

Айта кететіні, Айсәуле Бақытбек қызын әлі көпшілікке көрсетпеді.

Тәуекел Мүсілім

Отандық актер Тәуекел Мүсілім биылғы жылы екінші мәрте әке атанды. Өнер иесінің жұбайы екінші атұстарды өмірге алып келді.

Ал жақында актердің отбасы екінші ұлы Әмірдің қырқынан шығару рәсімін жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2003169-2022-zyly-ana-atangan-zuldyzdar/