Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүркіттің анасы Тараздың "Құрметті азаматы" атағын иеленді

Опубликовано:

Бүркіт пен Аиша
Бүркіт пен Аиша. Фото: instagram.com/aisha_vee

Көпшілікке "Бүркіт" лақап атымен танылған әнші Айбек Жансейітовтің анасы Тараз қаласының "Құрметті азаматы" атағына ие болды. Бұл қуанышын әнші Instagram желісінде көпшілікпен бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бүгін ерекше күндердің бірі. Анамыз Айша Көпжасарова Тараз қаласының "Құрметті азаматы" атағына ие болып жатыр.

Анашым, жүз жасаңыз, ауырмаңыз. Әкем екеуіңіз балаларыңыздың, немере-шөберелеріңіздің қызығын көріп, әрдайым жасарып жүре беріңіз", - деп жазды Бүркіт.

Ал желі қолданушылары әншінің анасының сұлулығына тамсанып, жылы лебіздерін жаудырды.

"Сізден баласы бар анаңыз бақытты", "Әкеңіз бен анаңыз жүз жасасын", "Қазақтың Хюремі деп айтар едім", "Өзіне қандай жарасымды", "Құтты болсын", "Қандай ажарлы ана", "Анаңыз өте сұлу", - деп пікір білдірді желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әнші жеке кешінде көпшілікке ата-анасын таныстырып, әкесінің 85- те, анасының 81 жаста екенін айтқан болатын.

Айта кетейік, Бүркіттің анасы Айша Көпжасарова - ақын, жазушылар одағының мүшесі. Оның "Жаз келді", "Бақытым менің", "Соны соқпақтар", "Тал бесігім - Таразым" секілді таңдамалы жыр жинақтары бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2003346-burkittin-anasy-tarazdyn-qurmetti-azamaty-atagyn-ielendi/

pixel