Шырын Нарчаеваның жаңажылдық суреттері қызу талқыға түсті (фото)
Жарияланған күні:
Қазақстандық блогер Шырын Нарчаева жаңажылдық фотосессия жасап, желіде қызу талқыға түсті. Ол фотосессияға ақшақар образын таңдаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Шырын су жаңа суреттерін Instagram парақшасында жариялады.
"1, 2, 3 немесе 4? Жаңа жылда аяз атадан қандай сыйлық алғыңыз келеді? Мен әлемде тыныштық орнап, жамандық күтуді доғарғанымызды қалаймын", - деді блогер ару.
Ал желі қолданушылары Нарчаеваның суреттерін қызу талқыға салды.
"Бұрынғы суреттерің жетпеді ме?", "Ұят жоқ екен", "Сурет те, қыздар да әдемі", "Керемет", - деп жазды желідегілер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2003382-syryn-narcaevanyn-zanazyldyq-suretteri-qyzu-talqyga-tusti-foto/