Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұлдыз Өмірғалидің телепродюсері: Шет жағасын байқап қойып, Айқынмен сөйлесуге тыйым салдық (видео)

Опубликовано:

Айқын мен Жұлдыз Өмірғали
Айқын мен Жұлдыз Өмірғали. Кадр: Бейнебаяннан скриншот

Отандық телепродюсер Назым Басқынбаева Айқын мен Жұлдыз Өмірғалидің алғаш Шымкентте тойда танысқанын айтты. "Жақсы адамдарым" бағдарламасында әншілерге қатысты құпияның бетін ашқан телепродюсер Жұлдыз Өмірғалиға Айқынмен сөйлесуге тыйым салғанын да жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мен жалпы осы екі кісінің арасындағы махаббат сезімі жайлы айтқым келеді. Екеуі Шымкенттегі тойда танысады. Мен негізі қыздарға қырғидай қарап отыратын адаммын. Ешкіммен сөйлеспеуін, телефон алмаспауын, ешкіммен таныспауын қадағалап отыратын адаммын ғой.

Бірақ тура сол сәтті жіберіп алдым. Администорлар "Әндерді дайындап бересіз бе?" деп өтініш жасап, төменге түсіп кеткенмін. Жоқ болғаным бір үш минут шығар. Сол үш минутта химия болып үлгерген ғой", - деді телепродюсер Назым Басқынбаева.

Сонымен қатар телепродюсер Жұлдыз Өмірғалиге Айқынмен сөйлессе, тіпті топтан кететін айтып, тәрбие сағатын өткізген.

"Содан кейін олар жазыса, хабарласа бастады. Оның шет жағасын байқап қойғаннан кейін біз тыйым салдық. "Араласпайсың", "Сөйлеспейсің", "Әйтпесе топтан кетесің" деп тәрбие сағатын өткіздік. Ол тәрбие сағатынан кейін Жұлдыз бәрін Айқынға жеткізген. Бір күні кешке қарай маған: "Назым, мен ғой Айқын. Біз тек телефонмен сөйлесіп тұрсақ бола ма?" деп Айқын хабарласып тұр.

Олар жарты жылдай телефонмен сөйлесіп жүрді. Біздің өз шарттарымыз болды. Рұқсат тек өзінің жеке мәселелерінің бәрін шешкеннен кейін ғана берілді. Енді бүгін алдарыңызда айрандай ұйыған отбасы отыр", - деді Назым Басқынбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2003410-zuldyz-omirgalidin-teleprodyuseri-set-zagasyn-baiqap-qoigannan-keiin-biz-tyiym-saldyq-video/

pixel