Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бурак Өзчевиттің әйелі екінші сәбиге аяғы ауыр екенін жария етті

Опубликовано:

Бурак Өзчивит пен Фахрие Евжен
Бурак Өзчивит пен Фахрие Евжен. Фото: instagram.com/evcenf

Желіге жаңа сурет жүктеген түркиялық актриса Фахрие Евжен желіде көпшілікті сүйсінтті. Бурак Өзчевиттің әйелі Instagram желісінде айы-күні жетіп отырғанын мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Кездесуімізге аз қалды", - деп жазды актриса.

Сонымен қатар Фахрие Евжен жазба соңына көк түсті смайликтер қалдырған.

Актрисаның бұл жазбасынан кейін желі қолданушылары жұлдызды отбасыда тағы бір ұл бала дүниеге келеді деп жорамалдады.

"Сұлусыз", "Ұлды боласыздар ма?", "Аман-есен бауырыңа бас", "Өте әдемісіз", "Құтты болсын", - деп жазды актрисаның оқырмандары.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Түркияның ең танымал актері мен актрисасы бір ұл тәрбиелеп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, түріктің белгілі актерлері Бурак Өзчивит пен Фахрие Евженнің отбасы құрғалы жатқаны 2016 жылы белгілі болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2003562-burak-ozcevittin-aieli-ekinsi-sabige-ayagy-auyr-ekenin-korsetti/

pixel