Нұржан Керменбаевтың жұбайы: Алла бұйыртса, 2023 жылы көрісейік деп тұрмыз (видео)
Жарияланған күні:
Әнші Нұржан Керменбаевтың жұбайы Назерке Керменбаева Instagram желісінде күйеуімен енді тек 2023 жылы ғана жолығатынын айтып, жазба жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Нұрекемен Алла бұйыртса, 2023 жылы көрісейік деп тұрмыз. Былай қарап тұрсаңыздар, бір үйде тұрамыз. Бірақ сапалы фото, видеомыз жоқ екен.
"Суретке түсейін" десең, осылай әзілдеп, романтикалық видеоңды сатираға айналдырып жібереді. Шүкір, жүзімізден күлкі кетпесін. Осы видеоны Алла қаласа 50 жылдаң соң қайта түсірейік. Алдағы келер 2023 жылымыз жайлы, берекелі, жақсы жаңалыққа толы болсын", - деп жазды әншінің жұбайы.
Естеріңізге сала кетейік, Нұржан Керменбаев осыған дейін қызы туылғалы әйеліне деген көзқарасының өзгергенін айтқан болатын.
Сондай-ақ Керменбаев отбасында үй тірлігіне араласпайтынын мәлім етті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2003618-nurzan-kermenbaevtyn-zubaiy-alla-buiyrtsa-2023-zyly-koriseiik-dep-turmyz-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.