Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көрермен өзі көріп сезеді": Жұлдыз Әбдікәрімованың "Ажырасам" фильміндегі оқиға жеке өмірінен алынған ба

Опубликовано:

Жұлдыз Әбдікәрімова
Жұлдыз Әбдікәрімова. Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Алматыда Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімованың тырнақалды туындысы - "Ажырасам" фильмінің алғашқы көрсетілімі өтті. Автордың айтуынша, ол болған оқиға желісімен түсірілген. KAZ.NUR.KZ тілшісі Жұлдыздың өзімен тілдесіп, өнерсүйер қауымды мазалаған сауалдарға жауап алды.

Жұлдыз ханым, жаңа туындыңыз құтты болсын. "Бесінші балаңызды" қанша уақыт толғатып, дүниеге әкелдіңіз?

Өте орынды сұрақ. Бұл менің бала кездегі арманым болған. Бұл идеяны осыдан бір жыл бұрын, қараша айында жоспарлап сценарийге тапсырыс берген едім. Содан бері дайындық, ізденіс процесінде болдық. Бірақ алдын ала ештеңе айтпадым. Сөзбен емес, іспен жасап, дайын болғанда елге жариялап жатырмыз.

Неліктен фильмге "Ажырасам" деген атау бердіңіз?

Бұл сұрақтың боларын мен білдім. Атаудың астында үлкен мәселе, басты проблема жатыр. Қазір біздің қоғамда ажырасу өте көп. Алайда көбінесе қоғамда екі жас неге ажырасып жатыр, қандай мәселе болып жатыр, ешкім шешкісі келмейді. Ажырасу - үлкен мәселе екенін білсе де, көрмейді. Тыңдаса да естімейді. Сондықтан бұл мәселеге бейжай қарамаса деген ниетім бар. Бұл фильмнің астында үлкен философия, идеология, психология жатыр. Әрбір отандасымыз бұл киноны көруі керек деп санаймын.

Фильм болған оқиға желісімен түсірілген дейді. Фильмдегі оқиға сіздің басыңыздан өтті ме?

Бұл фильм менің жеке өмірімнен алынды немесе алынбады деп айта алмаймын. Бірақ фильм ішінде эмоция, сезімдерім, өмірімде шынайы өткен сәттері бар. Оның нақты қай жері, қай эпизодтары екенін айтпаймын. Оны көрермен өзі көріп сезеді.

Қайрат мырза қаншалықты және қандай қолдау көрсетті?

Бұл фильмге Қайраттың қатысы жоқ. Қайрат маған өмірдегі ең үлкен қолдау көрсетті. Сол мен үшін маңызды және жеткілікті.

"Ажырасам" комедия болса да, қоғамдағы үлкен проблема ғой. Өзіңіздің отбасылық өміріңізде "болды ажырасам" деген кездеріңіз болды ма? Ажырасуға дейін бармас үшін ерлі-зайыпты не істеуі керек?

Ажырасу болмас үшін екі жастың ортасына ешкім түспеуі керек. Және проблема туындаған кезде ерлі-зайыпты ортаға ешкімді араластырмай, өзара шешуі керек.

Уақыт бөліп, сұрағыма жауап бергеніңіз үшін рақмет!

Әңгімелескен Жанар Тайырқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2003700-korermen-ozi-korip-sezedi-zuldyz-abdikarimovanyn-azyrasam-filmindegi-oqiga-zeke-omirinen-alyngan-ba/

pixel