Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ләйлә Сұлтанқызы: Құдаймен сырласу дегенді түсінбеген екенмін

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы
Ләйлә Сұлтанқызы. Фото: Instagram/sultankyzy

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы биылғы жылдың қарашасында жұбайынан айырылып, қара жамылды. Қайрат Беркімбаевтың қырқын өткізген тележүргізуші осы уақытқа дейін жалғыз қалып, Құдаймен сырласу дегенді түсінбегенін Instagram желісінде айтып, сырын бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Басқа түскен соң солай болады енді. Арасында ұлдарыма қарап, күлуге тырысамын. Жатарда сағыныштан ішімдегіні шығарып аламын. Өзіңмен өзің қалып, Құдаймен сырласу дегенді түсінбеген екенмін. Олай да болады екен.

Балалармен де басқаша сөйлесетін болдым. Қазір ұлдарға қандай да бір ісіне тоқтату айтарда, ақылға саларда "Мұны әкең құптамас еді. Әкең оны жақтырмайтын еді" деп отырамын. Екеуі де бірден ойланып қалады", - деп сырын бөлісті Ләйлә Сұлтанқызы.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың қарашасында Ләйлә Сұлтанқызының жұбайы Қайрат Беркімбаев өмірден өткен болатын.

Сондай-ақ жұбайының қырқын берген тележүргізуші күйеуі жайлы естеліктерімен бөлісіп, неліктен тойы болмағанын айтты.

Ләйлә Сұлтанқызы жас күнінде біреудің үшінші жары болуды армандамағанын, мұның пешенесіне жазылғанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2003870-laila-sultanqyzy-qudaimen-syrlasu-degendi-tusinbegen-ekenmin/

pixel