Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақбота Керімбекова: Ешбір еркектің алдында өзімді мойындатамын деген мақсатым болмады

Опубликовано:

Ақбота Керімбекова
Ақбота Керімбекова. Фото: instagram.com/botakerim

Отандық әнші Ақбота Керімбекова осы күні өз күшімен үй салып, балаларын жетілдіргенін айтты. Жан сырын ақтарған әнші өзіне қолдау көрсеткен анасына алғыс айтып, балаларын осы уақытқа дейін әкесінен бөлмегенін жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Танымал әнші боламын деген ой үш ұйықтасам, түсіме кірмеген. Сондықтан бұл маған берген бақ па деймін. Сондай-ақ ешқандай еркектің алдында өзімді мойындатамын деген мақсатым да болмады. Бар үмітім тынбай жұмыс істеп, ешкімге алақан жаймастан балаларымды аяққа тұрғызу болды.

Шүкір, үйімді де салдым. Осы жолда үнемі қолдау білдіріп, балаларымды қарап, аяққа тұруыма септігін тигізген анама үлкен алғыс айтамын! Бірақ, жаратылысымыз әйел болған соң еркелеп, әлсіз болғың да келетін кездер болады екен...

Бұрын жастық шағымда қиналып, қапаланған кезде реніш болған шығар. Бірақ кейін келе оның бәрі сынақ екенін түсіндім. Әркімнің өзінің көрер тағдыры бар. Десе де балаларымды әкелерінен бөлген емеспін", - деді Ақбота Керімбекова.

Естеріңізге сала кетейік, Ақбота Керімбекова осыған дейін әйелдердің зейнет жасына байланысты көзқарасын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2005252-aqbota-kerimbekova-esqandai-erkektin-aldynda-ozimdi-moiyndatamyn-degen-maqsatym-bolmady/

pixel