Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзгенің баласы деп қарауға тәрбием жібермеді": белгілі әнші өміріндегі ешкім білмейтін құпияны жария етті

Опубликовано:

Айжан Нұрмағамбетова
Айжан Нұрмағамбетова. Фото: instagram/aizhan_nurmagambetova_official

Әнші Айжан Нұрмағамбетова отбасына қатысты ерекше мәліметті бөлісті. Бұл туралы Nege.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әнші күйеуінің бірінші некесінен туған ұлдарды бауырына басқанын айтты.

"Иә, олар – күйеуімнің бірінші некесінен туған ұлдары. Біз бас қосқанда бірі сегіз, бірі он бір жаста болды. Қолымыздан келгенше Әділ екеуміз оларды оқытып-тоқытып, үйлі-баранды қылып, қатарға қостық. Бірақ олар әжелерінің қолында өсті.

Қара кешке дейін қастарынан шықпайтынмын десем, өтірік айтқан болармын. Себебі үнемі гастрольде жүргендіктен, өз туған ұлыма да қарайласатын уақытым болмады. Оны сіңлім мен әке-шешем бақты", - деді ол.

Сондай-ақ Айжан Нұрмағамбетова күйеуінің бірінші жұбайының бірінші некесінен туған ұлы барын жасырған жоқ.

"Біздің отбасымыздағы үлкендер "баланың бөтені болмайды" деп отыратын. Сондықтан өзгенің баласы деп қарауға тәрбием жібермеді. Көшеде біреудің бүлдіршіні жығылып қалса да, жүрегіміз зырқ ете қалады. Құдайға шүкір, олар да мені анасы ретінде мойындағаннан болар, қайын жұрттарына барғанда құдағи ретінде төрде отырамын. Одан артық қандай бақыт керек?!", - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2005393-ozgenin-balasy-dep-qarai-almadym-belgili-ansi-omirindegi-eskim-bilmeitin-qupiyany-zariya-etti/

pixel