Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Амалым қанша": Мақпал Жүнісова марқұм күйеуін туған күнінде еске алды

Опубликовано:

Заманбек Нұрқаділов пен Мақпал Жүнісова. Алматы, 2002 жыл.
Заманбек Нұрқаділов пен Мақпал Жүнісова. Алматы, 2002 жыл. Фото: Азаттық Радиосы

Бүгін белгілі саясаткер әрі қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің туған күні. Тірі болғанда ол 79 жасқа толатын еді. Марқұмның жұбайы Мақпал Жүнісова туған күнінде танымал саясаткерді еске алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бүгін, 15 қаңтар Зәкеңнің туған күні. Біздің туғандар құран бағыштауда, халқыңыз да сізді ұмытпайды. Зәке,топырағыңыз торқа болсын, амалым қанша…", - деп жазды әнші.

Заманбек Нұрқаділов пен Мақпал Жүнісова Қазақстандағы танымал жұптардың бірі болды. Нұрқаділов 1992-1994 жылдар аралығында Алматы қаласының әкімі қызметін атқарған.

1995-1997 жылдарда Мәжіліс депутаты болып сайланған.

1997-2001 жылдар аралығында Алматы облысының әкімі міндетін атқарды.

2005 жылдың 12 қарашасы күні 61 жасқа қараған шағында көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2005399-amalym-qansa-maqpal-zunisova-marqum-kuieuin-tugan-kuninde-eske-aldy/

pixel