Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өктем Алтаевқа ұлы Lexus LX 570 көлігін сыйлады (видео)

Опубликовано:

Өктем Алтаев
Өктем Алтаев. Фото: instagram.com/oktem_altayev

Әнші Өктем Алтаевқа ұлы Lexus LX 570 көлігін сыйлады. Әкесіне жасалған тосынсыйдың видеосын Бағжан Октябрь Instagram парақшасына жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Әкеме көлік сыйладым. Бала Бағжанның үлкен арманының бірі - әкесіне көлік сыйлау еді. Құдайға шүкір, осы күнге жеттік. Әдетте отбасымды көрсете бермеймін. Бірақ бұл сәтті сіздерге бөліспеске болмады. Мені шабыттандырып, әрдайым қолдайтын сіздерге рақмет", - деп жазды әншінің ұлы.

Өктем Алтаевқа сыйланған көлік
Өктем Алтаевқа сыйланған көлік. Фото: instagram.com/clvdeex

Айта кетейік, видеода Өктем Алтаев мұндай тосынсыйды күтпегенін айтып, көлік сыйлаған сәтте көз жасына ерік берді.

Ал желі қолданушылары Өктем Алтаев пен оның отбасына бақыт тілеп, ұлының тосынсыйына құтты болсын айтты.

"Ең қиын кездерде ата - анамыз біз үшін барын берді. "Баланың қызығын көру", "еңбектің жемісі" деген осы шығар. Бағжан жарайсың! Ата-анаң аман болсын", "Он ұл қосылып, дым бітірмеуі мүмкін. Кейде "он ұлға татитын бір ұл болады" деуші еді. Соны бүгін сізден көріп тұрмын, жарайсыз", "Өктем аға жас кезінде Лексус мінуге мүмкіндігі болса да, қаражатты жанұясына жұмсады. Енді жемісін көріп отыр. Құтты болсын", "Саналы ұрпағымен мақтанар ата-ана көп болсыншы", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2005427-oktem-altaevqa-uly-kolik-syilady-video/

pixel