Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Інімнің қазасына кінәлі жігітті кешірді": Нұрлан Өнербаев әкесі жайлы айтып, көзіне жас алды

Опубликовано:

Нұрлан Өнербаев
Нұрлан Өнербаев. Фото: "Әке бақыты" бағдарламасы

Әнші Нұрлан Өнербаев "Әке бақыты" бағдарламасында әкесі жайлы айтып, көзіне жас алды. Өнербаев әкесінің тетелес інісінің қазасына кінәлі азаматты кешіргенін баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мен үшін өнеге - әкемніің өмірі. Бала күнінен бастап, өмірден озғанға дейінгі өмірі маған өнеге болды десем, артық айтқаным емес. Әкем 81 жасында өмірден озды. Есіме алып отырсам, әкем соғыс кезінде 7 сыныбында мектепті тастауға мәжбүр болған...

Әкем қайтарда (өмірден өтер алдында - ред) қиналып жатты, сезіп отырдым. "Әке, көңіліңіз нені қалайды" деп сұрадым. Сонда әкем маған естіртіп, "Қауын, қарбыз жегім келеді" деді. Маған сыбырлап қана айтты. Менен кейін отырған інілеріме өзінің әлсіздігін көрсеткісі келмесе керек. Бұл қаңтар айы болатын. "Қыста қауын-қарбызды қайдан табамын" деп едім, "Сарыағаш деген жерде қыста қауын сатады" деді. Таныстарым арқылы бір қарбыз, екі қауын алдырдым. Әкем қарбыз жемеді, тек екі тілім ғана қауын жеді. Сөйтіп, өзінің құмарын басты.

Мен қазір әкемнің жасына келдім. Кейде әкем мен анаммен, әжемнен алған үлгі-өнегені балаларым мен немерелеріме қандай деңгейде көрсетіп жүрмін деп ойлаймын. Менің өмірде әкемнен алған өнегем көп", - деді әнші.

Сондай-ақ Нұрлан Өнербаев әкесінің балаларын кешірімділікке үйреткенін де айта кетті.

"Әкемнің кешірмейтін дүниені кешірген жағдай болды. Менімен қатар өскен інім қаза тапқан соң, оның қазасына кінәлі жүргізуші жігітті кешірді. Жүргізушінің кішкентай балалары бар екен. Олар араға адам салып, "Шиеттей балалары бар. Өмірден өткен балаңызды қайтара алмайсыз, енді кешірім беріңіздер" деп алдымызға келді. Сонда әкем ештеңе айтпастан, кешірім берді.

Әкемнің көзі тірісінде, ауылда қара шаңырақта бір төбе болып отыратынын сезіп жүретінбіз. Әкең барда еркелейсің. Өзіңнің әлі де бала екеніңді сезініп жүресің", - деді көңілі босаған Нұрлан Өнербаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2005456-inimnin-qazasyna-kinali-zigitti-kesirdi-nurlan-onerbaev-akesi-zaily-aityp-kozine-zas-aldy/

pixel