Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әсел Асқар баласының шетінеуін қалай көтергенін айтып, жан сырын ақтарды (видео)

Опубликовано:

Әсел Асқар
Әсел Асқар. Фото: instagram.com/assel.askar

Отандық актриса Әсел Асқар былтырғы жылдың соңында кішкентай нәрестесінен айырылған болатын. Өнер иесі баласының шетінегіне қалай төтеп бергенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Актриса өзіне спорт пен вокалдың көмектескенін Instagram парақшасында баяндап берді.

"Мен қазаның салдарымен қалай күрестім? Мен өзіме ұнаған дүниемен көбірек айналыса бастадым. Сізде солай жасай аласыз. Мұның спорт немесе вокал болуы міндетті емес. Бұл сурет салу немесе фортепианода ойнау, бақша жұмыстарымен айналысу немесе аспаздық курстары болуы мүмкін. Өзіңізге ұнайтын кез келген жаңа нәрсе. Өз энергияңызды жоғалуға емес, өзгеруге бағыттаңыз", - деп жазды ол.

Сонымен қатар актриса өзіне нақты не нәрсе көмек бергенін жазды.

"Маған спорт өте жақсы әсер етті. Көмектескенде, мен өзімді спортпен айналысуға мәжбүрледім. Ешқандай ниетім де, көңіл-күйім де болмады. Ештеңе қаламадым. Өз денемді сезбедім. Кейінірек нәтижесін көріп бастадым. Ойым өзгерді. Өзімнің мықты екеніме қуана бастадым. Өзіңе сенім пайда болады. Физикалық ауырсыну жанның қиналысын басады, бұл рас.

Сонымен қатар вокал көмектесті. Үйде үлкен ұлым болғандықтан, жылай алмадым, күйзеліске түсе алмадым. Оны да ойлауым керек. Алаңдайтын анам бар. Сондықтан мен вокалда айқайлап алатынмын. Вокалдан кейін жеңілдеп қалдым. Ол жерде менің көз жасым шықты. Қысқасы, кез келген жайлылық сыйлайтын нәрсемен айналысу керек", - деп жазды Әсел Асқар.

Естеріңізге сала кетейік, Әсел Асқардың кіші ұлы ауыр дертке шалдығып, жансақтау бөлімінде шетінеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2005478-asel-asqar-balasynyn-qazasyn-qalai-kotergenin-aityp-zan-syryn-aqtardy-video/

pixel