Су жаңа көлік алған Назима көпшіліктен сүйінші сұрады (видео)
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал әнші Назима Жәнібекова су жаңа көлік алды. Әнші темір тұлпарды қажеттіліктен сатып алғанын Instagram парақшасында айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Құттықтап қойсаңыздар болады. Бұрын көлік алуды ойламайтынмын. Алайда қазір оның қажеттілік екенін түсіндім.
Әрқайсысыңыздың арманыңыздың орындалғанын тілеймін. Жұғысты болсын", - деп жазды әнші.
Ал желі қолданушылары әншіні темір тұлпарымен құттықтады.
"Құтты болсын", "Бізге де жұғысты болсын", "Игілігіңізге пайдаланыңыз", - деп жазды желі қолданушылары.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2005510-su-zana-kolik-algan-nazima-kopsilikten-suiinsi-surady-video/