Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актер Асылбек Боранбай: Бала алдындағы ата-ананың жауапкершігі - өзін дұрыстауы

Опубликовано:

Асылбек Боранбай
Асылбек Боранбай. Фото: Hit Bala Family бағдарламасы

Актер Асылбек Боранбай бала тәрбиесіне қатысты ойын айтып, пікірімен бөлісті. Бес балалы өнер иесі балаларына қаншалықты жиі көңіл бөлетінін Hit Bala Family бағдарламасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бала тәрбиесімен үйде анасы айналысады. Сабағына, баланың тәрбиесіне анасы жауап береді. Біз әртіс, актер болғаннан кейін көбінесе жұмысымыз сыртта, гастрольде жүреміз, киноға түсеміз, үйде бола бермейміз. Болған күннің өзінде баламыздың сабағына анда-санда қарап қоямыз.

Балаға тәрбие беру үшін отырып алып ақыл айтудың, ұрысудың қажеті жоқ. Баяғыдан ата-бабаларымыздан келе жатқан, қағидаға айналып кеткен дүние - ата-ана өзінен бастауы керек. Бала сенің жүріс-тұрысыңа, кескін-келбетіңе, адамгершілігіңе, парасат-пайымыңа қарайды ғой деп ойлаймын. Сондықтан, ең алдымен бала алдындағы ата-ананың жауапкершігі - өзін дұрыстауы керек. Сонда ғана бала дұрыс жолда болады.

Балаға ең бірінші - білімді болуды, екіншіден - үлкенге - құрмет, кішіге - ізет көрсетуді үйрету керек. Үшіншіден - бала жауапкершілікке мығым болуы керек. Осы үш қағидаға үйрететін болсақ, баланың тәрбиесі дұрыс болады деп ойлаймын.

"Бұл - әкесінің ханшайымы. Әкесі үшін дүниедегі ең керемет қыз - Аишам. Менің бес балам бар. Осы кенжем - Аиша. Сондықтан да кенжетайыма көп көңіл бөлемін. Әкесінің қызы болғаннан кейін көбінесе жанымда жүреді. Жалпы балаларға қолым босаса, көңіл бөлгенді жақсы көремін", - деді Асылбек Боранбай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2005624-akter-asylbek-boranbai-bala-aldyndagy-ata-ananyn-zauapkersigi-ozin-durystauy/

pixel