Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актер Рамазан Амантай қызметкеріне көлік сыйлады (видео)

Опубликовано:

Рамазан Амантай жарымен
Рамазан Амантай жарымен. Фото: Instagram/ramantay

Отандық актер Рамазан Амантай бизнесін дамытуға үлес қосқан қызметкеріне көлік сыйлады. Бұл жайлы өнер иесінің өзі Instagram парақшасында мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жақында бизнес жүргізіп бастағанымды білесіздер. Осы бизнес ашылғалы бері өзінің адал еңбегін сіңірген бауырымызға үлкен сыйлық жасадық. Алла қаласа әр еңбек етіп жатқан жұмыскерге осындай сыйлық бұйырсын", - деді Рамазан Амантай.

Ал желі қолданушылары актердің бұл ісіне таңданғанын жасыра алмады.

"Жарайсыз", "Бізге де бұйырсын", "Бастық болса, осылай болуы керек", "Кең болсаң, кем болмайсың", "Керемет көрініс", "Сәттілік тілеймін", - деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, Рамазан Амантай көпшілікке Нұрлан Қоянбаевтың комедиялық фильмдері арқылы танылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2005667-akter-ramazan-amantai-qyzmetkerine-kolik-syilady-video/

pixel