Айқын салынып жатқан үйін көрсетті (видео)
Жарияланған күні:

Осыдан біраз уақыт бұрын Жұлдыз Өмірғали жұбайы Айқынның төрт баласына төрт үй дайындап қойғанын, қазір құрылысы жүріп жатқан үйді ұлы Санжардың атына қалдыратынын айтқан болатын. Өнер иесі көпшілікке құрылысы аяқтауға жақын жаңа үйін көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Айқын Instagram парақшасында үйдегі әр адамның бөлмелерін жеке-жеке көрсетіп шықты.
Әншінің айтуынша, үй қызы Айяның бөлмесі жеке гардеробымен, ұлы Санжардың бөлмесі, ата-анасының бөлмесі және жұбайы Жұлдыз екеуінің бөлмесі.
"Мынау біздің бөлме. Ішінде гардеробы бар. Гардеробтың өзі бір бөлме сияқты. Жатын бөлменің ішінде жуынатын бөлме де бар", - деді Айқын.
Сонымен қатар үйде қонақтарға арналған жуынатын бөлме, ас үй, қонақ бөлме бар.
Әншінің айтуынша, үйдің ауласында монша мен қойма бар.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Жұлдыз Өмірғали Айқынның бірінші некесінен туылған балалармен қандай қатынаста екенін айтқан болатын.
Сонымен қатар әнші жұбайы Айқынның 4 баласына төрт үй алып қойғанын да мәлім етті.
"Үлкен баласында коттедж үйі бар. Қызында үш бөлмелі пәтер бар. Қазір тұрып жатқан үйімізді Аяның атына қалдырады. Ал жаңадан салынып жатқан үйді "Санжардың атында қалдырамыз" дейді. "Кейін Санжар бізбен тұруға келіспесе, өзімізге үй салып аламыз" дейді. Сол жағынан Айқынның маған азамат ретінде, ер адам ретінде уәдесінде тұратыны ұнайды", - деді Жұлдыз Өмірғали.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2005747-aiqyn-salynyp-zatqan-uiin-korsetti-video/