Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Ерден Жақсыбеков: "Мені асырап алған ғой" деп жүрдім

Жарияланған күні:

Ерден Жақсыбеков
Ерден Жақсыбеков. Фото: "Әке бақыты" бағдарламасы

Отандық әнші Ерден Жақсыбеков әкесі жайлы айтып, жан сырын ақтарды. "Әке бақыты" бағдарламасына келген өнер иесі екі ұлды болғаннан кейін ғана әкесін түсіне бастағанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Өзім ән айтқым келіп, өзім талпындым. Содан кейін әкем "Өнер жолына келдің бе? Онда көп қиындыққа шыдауың керек" деді. Сол үшін әкеме үлкен алғысымды білдіремін. Әлі күнге дейін уайымдайды. Әкемнің іштей өз-өзін жеп, азып кететіні бар.

Әкемнің қамқорлығын, уайымын, махаббатын өзім екі ұлды болғаннан кейін барып түсіндім. Анам әр байқауға барған сайын жылап қала береді. Ал әкем ешқашан көз жасын көрсеткен емес. Өте бақытты бала болып өстім", - деді Ерден Жақсыбеков.

Сонымен қатар әнші отбасында жалғыз бауыры барын айтып берді.

"Туған ағам бар. Жалғыз бауырым өзімнен үш жас үлкен. Мен "Бұл кісілердің баласы емес сияқтымын. Анама да ұқсамаймын. Әкеме де ұқсамаймын" деп ойлайтынмын. Бала кезде түріміз басқаша болады ғой. Ағамның перзентханадан шыққан кезден бастап суреттері бар.

Ал менің суретім 4-5 жастан басталады. Соны көремін де, "Неге олай? Мені асырап алған ғой" деп жүрдім біраз уақыт. Сөйтсем, мен туылған жылдар қиын уақыт болған екен. Ешқашан ұрып, ұрысып өсірмеген", - деді Ерден Жақсыбеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2006074-ansi-erden-zaqsybekov-meni-asyrap-algan-goi-dep-zurdim/