Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Әділет Жауғашар: Бұрын Шымкентте киім саттым

Опубликовано:

Әділет Жауғашар
Әділет Жауғашар. Фото: instagram.com/adilet.zhaugashar

Отандық жас әнші Әділет Жауғашар өнерге келмес бұрын немен айналысқанын айтты. Хитмен Шымкентте киім сатқан күндерін еске алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Өнерге қадам басқанда жолымды ашқан бауырым, досым - Өмірзақ Мұхамбет. Екеуіміз Шымкенттегі Шұбарсу ауылының балаларымыз. Басында Шымкентте киім сатып жүрдік", - деп еске алды әнші.

Сонымен қатар Әділет Жауғашардың айтуынша, ол "жұлдыз" ауруына да шалдығып үлгерген.

"Әндерімнің бәрі карантинде хит болды ғой. Сол кезде "жұлдыз" ауруымен ауырғаным бар. Байқоңырдан Төремұрат деген ағам хабарласты. "Біздің Байқоңырда концерт қоюға болады" деді. Барып, афишамызды тараттық. Халық лық толды. Екі сеанс қойдық.

Алғашқы концерт... Арқам ұстап, керемет күйде болдым. Сахна жабылып, екінші сеансқа дайындалайын деп жатырмыз. Әндерімнің аранжировкасын жасап жүрген досым келіп, "Әдөш, жарайсың" деді. Арқам ұстап кеткен болу керек. "Не болды?" деп тұра ұмтылдым. Сосын есімді жиып, өз-өзіме келдім. Досым да түсініп, "Ондай болады, екінші қайталама" деді. Кейін "мұндайды қайталамаймын" деп өзіме уәде бердім", - деді Әділет Жауғашар.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Әділет Жауғашар Ақбота Сейтмағамбет екеуі жайлы қауесетке жауап қайтарған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2006124-ansi-adilet-zaugasar-buryn-symkentte-kiim-sattym/

pixel