Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жас әнші Әділет Жауғашар Ақбота-Нұр екеуіне қатысты қауесетке жауап берді

Опубликовано:

Ақбота-Нұр мен Әділет Жауғашар
Ақбота-Нұр мен Әділет Жауғашар. Фото: instagram.com/akbotanurabaykyzy

Отандық әнші Әділет Жауғашар осыдан біраз уақыт бұрын актриса Ақбота Сейтмағамбет бірнеше рет көзге түскен болатын. Жас әнші актриса екеуіне қатысты қауесетке жауап берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Ақбота екеуміз өнерде дос-құрбымыз. Арамызда сіздер айтатындай ештеңе жоқ. Әзілдесе береміз", - деді Әділет Жауғашар.

Сұхбат барысында әнші ойындағы аруды әлі жолықтырмағанын атап өткен.

"Отбасым туралы айтқым келмейді. Жеке өмір боп қалуы тиіс. Бір ғана нәрсе айтайын. Биыл ата-анама үй сыйлаған едім. Енді сол үйге келін керек", - деді Әділет Жауғашар.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін актриса Ақбота-Нұр мен жас әнші Әділет Жауғашардың түсірген видеосы әлеуметтік желіде көпшілікті қызықтырып қойған болатын.

Кейінірек қос өнер иесі тағы да бірге көпшіліктің көзіне түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2006126-zas-ansi-adilet-zaugasar-aqbota-nur-ekeuine-qatysty-qauesetke-zauap-berdi/

pixel