Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұлдызды жұп": Раим Бақтыгереев пен Ерке Есмахан мешітте мұсылманша неке қидырды

Опубликовано:

Ерке Есмахан мен Райымбек Бақтыгереев
Ерке Есмахан мен Райымбек Бақтыгереев. Скриншот: instagram.com/gulnur_mamasaripova

Белгілі әншілер Раим Бақтыгереев пен Ерке Есмахан Instagram желісіндегі Stories бөлімінде мұсылманша неке қидырған сәтінен фото жариялады. Жұлдызды жұп Оралдағы мешіттердің бірінде неке қидырған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан бұл жаңалығын Instagram-дағы Stories бөлімінде өлең жолдары арқылы бөлісті.

"Бақ тілеп біреу сүйінді.

Ғайбаттап біреу күйінді...

Адамды Алла қоспай ма

Кім білсін менің күйімді.

Батыстан ұшқан аққу ем,

Батыстан таптым үйімді.

Ақ мешітінде Оралдың

Ақ некеміз қиылды.

Көп кормесе екен ағайын

Алладан алған сыйымды.

Хадиша салған жолменен

Басыма бақыт бұйырды", - деп жазды ол.

Кейін Раим да өзінің Instagram парақшасында мұсылманша неке куәлігін көрсетті.

неке куәлігі
Раим Бақтыгереев пен Ерке Есмаханның мұсылман неке куәлігі. Скриншот: KAZ.NUR.KZ

Cуреттерге қарағанда, неке қию рәсіміне жұлдызды жұптың жақындары да қатысқан. Белгілі кинопродюсер Гүлнұр Мамасарипова Instagram Stories бөлімінде жас жұбайлардың мешітте тұскен фотосын бөлісті.

Ерке Есмахан мен Райымбек Бақтыгереев
Ерке Есмахан мен Райымбек Бақтыгереев. Скриншот: instagram.com/gulnur_mamasaripova

Еске сала кетейік, бұған дейін белгілі әнші Ерке Есмахан өзінің Instagram парақшасындағы Stories бөлімінде өнердегі әріптесі, әнші Раимға деген сезімін білдіріп, жазба қалдырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2006210-zuldyzdy-zup-raim-men-erke-esmaxan-mesitte-musylmansa-neke-qidyrdy/

pixel