Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мирас Жүгінісовтың "Зымыран" әнін орындаған кәріс музыканты елдің ыстық ықыласына бөленді (видео)

Опубликовано:

Музыкант әр орындауда. Фото
Музыкант әр орындауда. Фото: Instagram/songwonsub87

Кореялық музыкант Сон Вон Соб өзінің Instagram парақшасында қазақтың тағы бір әнін шырқап, көптің ыстық ықыласына бөленді. Бұл жолы ол Мирас Жүгінісовтың "Зымыран" әнін орындады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сон Вон Соб есімімен танылған кәріс музыканты аталған туындыны кәріс тілінде орындап, оны өзінің Instagram парақшасына жүктеген. Онда ол:

"Мирас Жүгінісов - Зымыран корейі тілінде. Cover by Song wonsub", - деп жазған.

Желі қолданушылары музыканның бұл орындауына таңданыстарын жасырмаған. Олар:

"Қандай керемет", "Өте әдемі", "Өте ұнады, кәріс тілінде де мағынасы өзгермеді, дауысы тамаша!", "Жақсы ән барлық тілде де әдемі орындалады", "Талантыңызға бас идік, сіздің орындауыңызда да бұл ән керемет шырқалыпты", "Жүрекке жете білген ән, рахмет сізге", "Өзге тілде де өте әдемі", "Кәріс тіліндегі әдемі орындау, өнеріңіз өрге жүзсін", - деген пікірлерін жаудырған.

Айта кетейік, бұған дейін ол Батырхан Шүкеновтің "Дождь" әнін корей тілінде орындап, көптің алғысына бөленген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2006287-miras-zuginisovtyn-zymyran-anin-oryndagan-korei-muzykanty-kopti-suisintti-video/

pixel