Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Меруерт Түсіпбаева өзіне жазатын жас жігіттердің көбейгенін айтты

Опубликовано:

Меруерт Түсіпбаева. Фото
Меруерт Түсіпбаева. Фото: Instagram/ meruert_tusupbaeva

Отандық әнші Меруерт Түсіпбаева Ерке Есмаханның некесінен соң өзіне жазатын жас жігіттердің көбейгенін айтты. Әнші Instagram желісінде 29 жастағы азаматпен құрған диалогын көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Еркенің некесінен кейін осындай ұсыныстар көбейді", - деп жазды бейтаныс азаматпен сөйлескен диалогты жариялаған Меруерт Түсіпбаева.

Суреттен әншіге 29 жастағы жас азаматтың хат жазғанын көруге болады.

Меруерт Түсіпбаева
Меруерт Түсіпбаева. Фото: instagram.com/meruert_tusupbaeva

Алайда Меруерт Түсіпбаева өзінің 52 жаста екенін айтып, жас алшақтығының өзі үшін маңыздылығы барын ескерткен.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін шоу-бизнес әлемінде жаңа жұлдызды жұп пайда болғанын айтқан болатынбыз. Танымал әнші Ерке Есмахан мен Раим шаңырақ көтеріп, мұсылманша некесін қидырды.

Алайда жас айырмашылығына қарамастан отау құрған әншілер көпшіліктің қызу талқысына түсті. Осыдан соң Раим парақшасында жұртшылыққа үндеу жариялап, сынға алмауларын сұрады.

Ал әнші Мадина Сәдуақасова Раим мен Ерке Есмаханның махаббатынан бұрыннан хабардар екенін айтып, жұлдызды жұпқа бақыт тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2006350-meruert-tusipbaeva-ozine-zazatyn-zas-zigitterdin-kobeigenin-aitty/

pixel