Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әр нәрсенің жөні бар": Сара Тоқтамысова жүктілік кезін желіге салатын келіншектерді сынға алды

Опубликовано:

Сара Тоқтамысова
Сара Тоқтамысова. Фото: instagram.com/sarkanai

Жуырда үшінші сәбиін өмірге әкелген Сара Тоқтамысова аяғы ауыр кезеңде жұбайына ішін ұстатып, фотосессия жасайтындарды сынға алды. Ақын перзентханада қалай босанғанына дейін көпшілікке көрсететін қыздар мен келіндерге қатысты ойын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айтыскер аяғы ауыр кезінде фотосессия да жасамағанын Instagram парақшасында жазды.

"Қазір Instagram желісін ашып қалсаң, қазақтың қыздары мен келіндері перзентханада ішін ұстап алып қалай толғатып жатқанын, толғақ күткен сәтті, тіпті қалай босанғанын көрсетеді. Өзім ондайды (сурет, видео - ред.) сала алмайды екенмін. Оған менің ұстанымым да, ата-анам берген қазақы тәрбием де сәйкес келмейді. Парақшамды қарсаңыздар, тіпті жүкті кезімде фотосессия жасамаппын. Күйеуіне ішін ұстатып, суретке түскен жастарды түсіне алмай кететін шығармын.

Маған "сіздің жүктілігіңізді де, қалай босанғанызды да білмей қалдық" деп жатыр. Жүктілік дегеннің өзі де өте бір қасиетті де қастерлі, әрі жеке шаруа ғой. Отбасылық альбомда сақталатын, жақын достар арасында айтылатын дүниелерді айдай әлемге паш етуді құптамаймын.

Қазір заман қанша жерден өзгерді дегенмен, әр нәрсенің жөні бар-ау. "Қазақылықтан аттамау керек" деп ойлаймын. Қанша жерден дамысақ та, ата-бабамыздан даналығымыз асып кеткен жоқ. Өзгенің қаңсығын таңсық қылмай, өз құндылығымызды дәріптейік, құрметтілерім. Әлеуметтік желі бар екен деп көрсететінді де, көрсетпейтінді де шығара бермейік. Тек өзіміз ғана білетін асылымыз арамызда қалсын. Сіздер қалай ойлайсыздар, құрметтілерім?", - деп жазды Сара Тоқтамысова.

Естеріңізге сала кетейік, айтыскер жақында үшінші рет ана атанып, екі ұлдан кейін қызды болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2006379-sara-toqtamysova-kuieuine-isin-ustatyp-suretke-tusip-qalai-bosanganyn-korsetetin-qazaqtyn-qyzdary-men-kelinderin-synga-aldy/

pixel