Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аттандаудың себебін көріп тұрған жоқпын": Төреғали Төреәлі Ерке мен Раимға қолдау көрсетті

Опубликовано:

Төреғали Төреәлі
Төреғали Төреәлі. Фото: instagram.com/toregalitoreali

Отандық әнші Төреғали Төреәлі жақында мұсылманша некесін қидырған жұлдызды жұп Раим мен Ерке Есмаханға қолдау білдір. Әнші әріптестерінің шаңырақ көтеруінен аттандайтын мәселе көріп тұрмағанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Төреғали Төреәлі Instagram парақшасында Еркені жақсы танитынын алға тартып, жас жұбайларға бақыт тіледі.

"Еркені бір адамдай танитын адам болса, ол - мен шығармын. Екеуіміздің дуэтіміз талайдың көзайымына айналды, кейін жалғасын да түсірдік. Қанша концерт, тойларда, түсірілімде бірге жүрдік. Қазақтың бір қызы осындай-ақ болсын. Бұл енді менің өз ұстанымым. Өнері де, табысы да бір басына жетерлік болса да, ер-азаматқа дауыс көтеріп, жолын қиған кезін көрмеппін. Отбасы да, өскен ортасы да қазақы, тәрбиелі кісілер.

Ал енді қазіргі жастардың сүйіп тыңдайтын әншісі Раим бауырымыз туралы Ерке сияқты терең білмесем де, жақсы танимын. Өнерін бағалаймын. Миллиондардың жүрегін жаулап, ол жерге тұрақты жол табуға талассыз талант пен қоса үлкен еңбек керек.

Ал енді айтыңыздаршы, осы жұлдызды жұптың жүрек жарастығынан кімге қандай зиян? Еркенің жасы ма бар әңгіме? Әрісі пайғамбар ғ.с.м мен Хадиша анамыз, берісі кешегі арғы-бергі тарихымызда бұған мысал өте көп. Кейде мәжбүрліктен, кейде шынайы махаббаттан, кейде әмеңгерлікпен мұндай жас айырмашылықтары бізде болып тұрған. Бұл жерде Алланың шариғаты, адамның табиғаты бұзылып жатқандай аттандаудың себебін көріп тұрған жоқпын.

Қазір небір арсыздықтар мен адамның ауызы бармайтын азғындықтардың белең алып тұрған шақта азаматын тауып, етегінен ұстап, ақ ниетпен, ақ некесін қидыру үшін мешітте отырған екі әріптесімізге кей кісілердің неге шүйліккенін түсіне алмай далмын. Ештеңе жоқ, су ағады, тас қалады. Адамдар тағдырын өзі жазса, бұдан қиын шимай-қатпақ қылар еді. Сондықтан Алланың жазған тағдырына мойын ұсынып, қайырын сол Жаратушының өзінен ғана тілеу керек. Раим, Ерке! Лайым бақытты, ғұмырлы болыңдар. Мен сіздермен біргемін әрі тілекшімін", - деп жазды Төреғали Төреәлі.

Естеріңізге сала кетейік, қос әншінің кездесетіні жайлы қауесет желіге тарап, кейінірек Раим бұл ақпаратты растаған болатын.

Ал арада бірнеше күн өткенде жұлдызды жұптың мешітте некесін қидырғаны белгілі болды.

Сонымен қатар Раим өнерден айырылса да, махаббаттан айырыла алмайтынын айтып, көпшіліктен өздерін сынамауды сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2006516-attandaudyn-sebebin-korip-turgan-zoqpyn-toregali-toreali-erke-men-raimga-qoldau-korsetti/

pixel