Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ләйлә Сұлтанқызы тұңғышын туған күнімен құттықтады

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы ұлдарымен
Ләйлә Сұлтанқызы ұлдарымен. Фото: instagram.com/sultankyzy

Ләйлә Сұлтанқызы үлкен ұлы Сағадатты 16 жасқа толған туған күнімен құттықтады. Тележүргізуші тұңғышына деген ақ тілегін Instagram парақшасында жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Әкесінің үкілеген үміті, ізін жалғар ұрпағы, үлкен арманы, көзі, аманаты... Осыдан тура 16 жыл бұрын ең алғаш маңдайыңнан иіскеп, бауырыма басып едім. Уақыт деген тез ғой, шіркін! 16 жас бала да емес, анау айтқандай ересек те емес, қызыққа толы жастық шағыңның кезеңі. Жаңа жасың жақсылыққа толсын, ұлым!

Ана жүрегі - баланың амандығын ғана тілейді. Өзің сияқты қашанда өмірің көркем, арманың биік, жолың ашық болғай. Тек әр қуанышың мен жетістігіңді, жеке куәлік алып, оқу бітіргеніңді, шаңырақ көтеріп, үй болғаныңды "әкең көре алмайды ғой" деген жүректегі "әттеген-ай" болмаса…

Көзімнің ағы мен қарасы, Сардар екеуіңе қолымнан келгенше демеу болып, жол сілтеп, барымды беруге тырысамын. Бастысы - адамгершілігі мол, үлкен азамат болып өсе ғой, құлыным. Әкесі "Сағадатты 18 жасында үйлендіремін" деуші еді. Мен "Келінді 19-ға толғанда бір-ақ әкел" деп отырмын (қалжың)", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2006517-laila-sultanqyzy-tungysyn-tugan-kunimen-quttyqtady/

pixel