Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәрі қол сілтеп, кетіп қалды": Бағлан Әбдірайымов жұртқа 220 мың доллар қарыз болғанын ашық айтты

Опубликовано:

Бағлан Әбдірайымов
Бағлан Әбдірайымов. Фото: instagram/baglan_abdraimov_official

Танымал әнші, "Жігіттер" квартетінің мүшесі Бағдан Әбдірайымов құмар ойын салдарынан қарызға кіріп, дүние-мүлкінен айырылғанын ашық мәлімдеуде. "Жібек жолы" арнасындағы "Ел" бағдарламасында қонақ болған ол бүгінде қарыздарынан құтылып жатқанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қанша көтергенімді айтпай-ақ қояйын. Әйтпесе, жұрттың бәрі қызығып жүрер. Одан да мен қанша ұтылғанымды айтайын. Өзімнің дүние-мүлкімді қоспағанда, 220 мың доллар жұртқа қарыз болдым. Оның ішінде 70 мың долларды мен он пайызбен ломбардқа салғанмын. Енді өзіңіз есептеңіз, айына 7 мың доллар үстіндегі пайызды төлеуім керек.

Мінетін көлігім де жоқ. Тұратын үйім де жоқ, араласатын дос та жоқ, сенім артатын азаматтар да қол сілтеп кетіп қалған. Сондай жағдайға түскенмін. Өзімнің үйімді, дүние-мүлкімді айтып жатқаным жоқ... Көп адам қарыздарыңнан құтылдың ба деп сұрайды. Биыл бесінші жыл, ақырындап төлеп келе жатырмыз. Азайып та қалды. Зардабы тиеді бірақ...", - деді әнші.

Бұған дейін Бағлан Әбдірайымов құмар ойын кесірінен әкесіне бір көлік те мінгізе алмағанын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2006628-bari-qol-siltep-ketip-qaldy-baglan-abdiraiymov-zurtqa-220-myn-dollar-qaryz-bolgan-asyq-aitty/

pixel