jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Менен басқа бала сүйіп үлгермеді": Айгүл Мүкей марқұм анасына арнап жан тебірентерлік жазба қалдырды

    Айгүл Мүкей
    Айгүл Мүкей. Фото: facebook/amukei

    Танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей марқұм анасына жан тебірентерлік жазба арнады. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі ресми парақшасында жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Көзің тірі болғанда биыл 70 жылдығыңды тойлаушы едік, Мама…

    Анам дүниеден озғанда 21 жаста болдым. Жалғыз, жас, өмірге деген көзқарасы мүлде басқа.

    Анам нәзік, көңілді, үнемі үйдің тыныштығын ойлап отыратын нағыз қазақ келіншегінің эталоны ретінде есімде қалды. Көп балалы ана болуды армандады. Бірақ менен басқа баланы сүйіп үлгермеді.

    Қазір жанымда болғаныңда мына үш немереңнің қызығын көруші едің. Күрсінем де, қоямын. Басқа амал бар ма?!

    Иманды бол, Анашым", - деп жазды тележүргізуші.

    Қазіргі таңда Айгүл Мүкей танымал журналист әрі үш баланың анасы.

    "Менен басқа бала сүйіп үлгермеді": Айгүл Мүкей марқұм анасына арнап жан тебірентерлік жазба қалдырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.