Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Келін деген сөз естімедім": Ерке Есмахан отбасылық өмірін көрсетті (видео)

Опубликовано:

Ерке Есмахан, Раим Бақтыгереев
Ерке Есмахан, Раим Бақтыгереев. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Жақында отандық әнші Раиммен мұсылманша некесін қидырған Ерке Есмахан отбасылық өмірін бөлісті. Әнші жаңа отбасы өзін қалай қабылдағанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші Instagram парақшасында оқырман сауалына жауап берген.

Желі қолданушыларының бірі әншіден "Келіндік өміріңіз қалай болып жатыр? Сурет салыңызшы", - деп сұраған.

Ал Ерке Есмаханның айтуынша, жаңа шаңыраққа келін болып түскелі, әншіні жақындары "келін" деп емес, тек "Қызым, Еркежан" деп атайды.

"Оралда кешке үйде теледидар қарап отырсақ, әкем (қайын атам) тосынсый жасап, маған гүл әкеліп тұр. Қуанышымда шек болмады.

Келін деген сөзді әлі естімедім. "Қызым, Еркежан" деп еркелетеді. Бұйырса, келіндік өмірді алдағы уақытта саламын ғой. Әбіржіп жүргенімді көруге асықпаңыздар", - деді әнші.

Сонымен қатар Ерке Есмахан көпшілікке бешбармақ дайындаған сәтін де көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, қос әншінің кездесетіні жайлы қауесет желіге тарап, кейінірек Раим бұл ақпаратты растаған болатын.

Ал арада бірнеше күн өткенде жұлдызды жұптың мешітте некесін қидырғаны белгілі болды.

Сонымен қатар Раим өнерден айырылса да, махаббаттан айырыла алмайтынын айтып, көпшіліктен өздерін сынамауды сұрады.

Сондай-ақ Ерке Есмахан мәһрге не сұрағанын айтып берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2006656-kelin-degen-soz-estimedim-erke-esmaxan-otbasylyq-omirin-korsetti-video/

pixel