41 жастағы әйгілі америкалық әнші әрі актриса Пэрис Хилтон тұңғышын дүниеге әкелді
Жарияланған күні:
Америкалық әнші әрі актриса 41 жастағы Пэрис Хилтон алғаш рет ана атанды. Ол жары Картер Реумға ұл бала сыйлаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Актриса қуанышты жаңалығын өзінің Instagram парақшасында бөлісті.
"Сені қалай жақсы көретінімізді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес", - деп жазды Пэрис Хилтон.
Өнер иесі өзінің ана атанғандығы әсерімен People журналына берген сұхбатында да айтқан.
"Мен үнемі ана болуды армандадым және Картермен бір-бірімізді тапқанымызға бақыттымын. Отбасылы болғанымызға, жүрегіміз сәбиімізге деген махаббатқа толы екеніне қуаныштымын", - дейді актриса.
Белгілі болғандай, Пэрис пен оның жолдасы ЭКО әдісін пайдаланып, сәбилі болуды пандемия басталғаннан бері қолға алған.
Айта кетейік, актриса бизнесмен Картер Реумаға 2021 жылы тұрмысқа шыққан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2006718-41-zastagy-aigili-amerikalyq-ansi-ari-aktrisa-peris-xilton-tungysyn-duniege-akeldi/