"Меккеге бару сән болып кеткен бе?": Танымал тележүргізуші жаппай қажылыққа барып жатқан шоу-бизнес өкілдеріне шүйлікті
Жарияланған күні:
Тележүргізуші Бибігүл Дәулетбек қажылыққа баруды "сәнге" айналдырған шоу-бизнес өкілдеріне өз наразылығын білдірді. Ол елге келген соң хиджабын шешіп тастайтын әншілерге шүйлікті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бибігүл Дәулетбекқызы шоу-бизнес өкілдеріне қатысты ойын Facebook парақшасында жариялады. Өз жазбасында ол күні кеше ел алдына ашық киіммен шығып жүрген шоу бизнес өкілдерінің кенеттен хиджаб киіп кеткеніне наразы болды. Умрадан жәле арқылы сәлем жолдап жүрген жұлдыздарды тележүргізуші "сайқымазақтар" деп атады.
"Өз қалауы, бірақ сол біреулер миллиондаған қыз-келіншектің миын улайды да, сол хиджабын қайта шешіп тастайтынына жыным ұстайды. Немене Меккеге бару сән болып кеткен бе?!
Соларға "Сендер өзі соңғы рет бұл дүниеден өткен ата-әжелеріңнің, жақындарыңның зиратына қашан бардыңдар?" деп сұрақ қоямын. Әруақ риза болмай - тірі байымайды. Осылай кете берсек, "бір күні Ауған еліне айналамыз ба" деп қорқамын", - деп жазды тележүргізуші.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2007247-songy-ret-ata-azelerinnin-ziratyna-qasan-bardyndar-tanymal-telezurgizusi-qazylyqqa-baryp-xidzabqa-orangan-zuldyzdardy-synga-aldy/