Top.Mail.Ru

Зектілері

"Арулар қауымына айтарым бар": Ерке Есмахан қыз-келіншектерге арналған курс ашпақшы

Жарияланған күні:

Ерке Есмахан
Ерке Есмахан. Фото: Instagram/erke_esmahan

Жақында қайта тұрмысқа шыққан Ерке Есмахан қыздарға арналған курс ашу ойында бар екенін жеткізді. Әнші курсында көпшілікке махаббат хикаясын да бөліспекші, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Тамақтанып отырып ой келді. Ол ойдың туындауына себепші болған - сіздер. Шынымен, неге маған курс жасамасқа? Әсіресе, арулар қауымына айтарым бар сияқты. Сонымен қатар махаббат хикаяммен бөліссем, қалай қарайсыздар?", - деді Ерке Есмахан Instagram желісінде.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін қос әншінің кездесетіні жайлы қауесет тарап, кейінірек Раим Бақтыгереев бұл ақпаратты растаған болатын. Осыдан кейін бірнеше күн өткенде жұлдызды жұптың мешітте некесін қидырғаны белгілі болды.

Кейінірек Раим Бақтыгерев өнерден айырылса да, махаббаттан айырыла алмайтынын айтып, көпшіліктен өздерін сынамауды сұрады. Ал Ерке Есмахан оқырманының сауалына жауап беріп, мәһрге не сұрағанын айтып берді.

Сонымен қатар Ерке Есмахан жаңа отбасы оны жылы қабылдап, тіпті "келін" деп атамайтынын жеткізді.

Тағы бір айта кететіні, әнші қазіргі жұбайы Раим мен ұлының қарым-қатынасы туралы да жасырмай баяндап берген болатын.

Ерке Есмахан сторис
Ерке Есмахан сторис. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2007254-arular-qauymyna-aitarym-bar-erke-esmaxan-qyz-kelinsekterge-arnalgan-kurs-aspaqsy/