Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қолтырауынның басы": Таиландта демалып жүрген Қайрат Әділгерей ерекше кешкі асты көрсетті (видео)

Опубликовано:

Қолтырауынның басы қойылған дастархан
Қолтырауынның басы. Скриншот: instagram/toiduman.kz

Отандық эстрада өкілі Олжас Абай мен танымал шоумен Қайрат Әділгерей Таиландтағы демалыстан үзінді жариялады. Олар шетелдегі кешкі асқа ерекше тағам жемек болғанын көрсетті, деп хабарлайды Instagram-дағы Той-Думан арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видеодан белгілі болғандай, Олжас Абай мен Қайрат Әділгерей бір топ шетелдіктермен бір дастархан басында отырған. Дастарханға қолтырауынның басы да қойылған.

Кейін Қайрат Әділгерей: "Бүгінгі кешкі асқа - қолтырауынның басы", - деді.

Олжас Абай болса, қолтырауынның басын қазақша әндер мен айтыстың мақамына салып, әндете түскен.

Ал желі қолданушылары мұны әзіл деп қабылдап, тіпті, кезекті фильмнің түсірілімі болуы мүмкін деген болжамдарын бөлісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2007689-qoltyrauynnyn-basy-tailandta-demalyp-zurgen-qairat-adilgerei-erekse-keski-asty-korsetti-video/