"Төрт айдай күйзелісте болды": Индира Елемес Арман Дүйсенов туралы естелігін бөлісті
Жарияланған күні:
Биылғы жылдың қаңтарында танымал композитор Арман Дүйсенов өмірден өтті. Продюсермен соңғы рет жолыққан әнші Индира Елемес "Шешімі бар" бағдарламасында Арман Дүйсенов жайлы естелігін бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Арман аға сейсенбі күні өмірден өтті ғой. Біз дүйсенбі күні кешке бетпе-бет сөйлескен болатынбыз. Ұзақ әңгімелестік, қуанышты болатын. Ол кісі бейсенбі күні Стамбұл қаласына жұмыс бабымен және денсаулығын тексертуге ұшуы керек болатын.
Жаңа жылда ол кісі отбасымен болды. "Өмірімдегі ең қуанышты, бақытты сәттер болды, қарындас. Абзалтайымның мені мыжғылағанын көрсең ғой. Мен бұл өмірде жеңіске қол жеткіздім деп ойлаймын. Балам Абылайымды мықты тәрбиелеппін. Ол қазір менің орнымды басуға дайын. Жалпы айтып жатқаным ғой" деп махаббатпен, керемет сезіммен айтты. Ол кісі төрт айдай күйзелісте болды. Қиын күйзелісі болды. Дүйсенбі күні "Бейсенбі күні Стамбұлға кетемін" деп жақсы дайындықта еді.
Талай туындыны шығаратын студияда. "Соның бәрін неге түсіріп алмадым" деп өкінемін. Жоспарымыз өте көп болатын. 22 наурызда Стамбұлда Арман аға, бәріміз қосылып үлкен концерт өткізуіміз керек еді.
Бірақ соңғы уақытта дос туралы көп ән шығарыпты. Досқа деген бір реніші болды ма, білмеймін. Бірақ ол кісінің өте үлкен реніші болды. Оның сырласы менің жолдасым болды. Жұбайыммен екі-үш сағаттап кабинетте сөйлесетін", - деді әнші Индира Елемес.
Естеріңізге сала кетейік, танымал композитор, продюсер, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткері Арман Дүйсенов 48 жасында дүниеден озды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2008713-tort-aidai-kuizeliste-boldy-indira-elemes-arman-duisenov-turaly-esteligin-bolisti/