Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ыңғайсызданатын нәрселер болды": Мирас пен Құралай үйлену тойындағы қызықтарды бөлісті

Жарияланған күні:

Мирас пен Құралай
Мирас пен Құралай: instagram/miras_kuralay_official

Жұлдызды жұп Мирас пен Құралай "Таңшолпан" бағдарламасында қонақ болып, өмірлеріндегі қызықты оқиғалар жайлы айтып берді. Әсіресе, әртістер үйлену тойында болған жайттарды баяндады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Үйлену тойымыз Ақтөбе қаласында, керемет өтті. Димаштың әке-шешесі Қанат пен Света қонақ болып, ән айтты. Орал Байсеңгір есімді ақын тойымызды керемет жүргізіп шыққан. Біз 2000 жылы үйлендік. Содан бері барлық қызық пен қиыншылықта бірге келеміз. Ал тойымызды еске алып отырсақ, ыңғайсызданатын нәрселер бар екен. Тойда екеуміз де орысша әндерді көп айтыппыз. Енді екеуміз де орыс мектебінде оқыдық. Кейін консерваторияда орысша білім алдық. Соның әсері болған шығар. Қазір мен орысша сөйлегендердің өзіне қазақша жауап беремін", - деді Мирас.

Әншілерден құралған отбасы бүгінде төрт бала тәрбиелеп отыр.

"Есте қалатын қызықты, қуанышты нәрселеп көп, әрине. Өздеріңіз білетін шығарсыздар, алғашында біз ұзақ уақыт бойы сәби сүйе алмадық. Сол алғаш сәбиіміз өмірге келгендегі сезімімді айтып жеткізе алмаймын. Аллаға шүкір, қазір төрт бала тәрбиелеп отырмыз", - дейді жұлдызды жұп.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2009202-yngaisyzdanatyn-narseler-boldy-miras-pen-quralai-uilenu-toiyndagy-qyzyqtardy-bolisti/