Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бес жылдан кейін келді": "Меломен" тобы Жігер Ауыпбаевтың қайта топқа қосылғысы келгенін айтты (видео)

Опубликовано:

"Меломен" тобы
"Меломен" тобы. Фото: instagram.com/melomen_official

"Меломен" тобының жігіттері күні кеше сахнадан көрінбей кетуінің сырын бөліскен болатын. "1001 түн" бағдарламасында олар топтың бұрынғы мүшесі Жігер Ауыпбаевтың бес жылдан кейін топқа қайта келгісі келгенін де айта, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Арамыздан Жігердің кеткені соққы болды. Біз достықтан құралған топ болып, қол алысқаннан кейін "Топтан адам кетеді" деп ойлаған жоқпыз. "Музарттан" адам кетіпті дегенді естиміз. Бірақ Жігер кетеді деп ойлаған жоқпыз. Жігерді алып қалуға тырыстық. Достарымызды араға салдық. "Бірге тумақ болса да, бірге жүрмек жоқ" дейді.

Жігер бізден "Топқа келейінші" деп сұранды. Біз жүреміз, бейнебаяндарымызды көрінген жерде қоя алмаймыз. Әндердің бәрін қайта жаздырамыз. Оның бәрі үлкен жұмыс. Қайтадан аяққа тұру қиын нәрсе. Ал ол - Жігер үшін, жеке кеткен адам үшін оңай нәрсе. Мен оны жамандамаймын. Адамның өзінің таңдауы болады. Адам ары қарай өзі өскісі келетін шығар.

Жігер келген кезде бәріміз ойландық. Ол бес жылдан кейін келді. Ол біраз уақыт. Тыңдарман Жігерді ұмытатын да уақыт болды. "Жігер деген кім?" деген әңгіме болып жатады. Бір кеткен адам "қайта кетіп қалады ма?" деп қорқасың. Біз "Жігер, сен жеке де ән айта бер, бізбен де айта бер" деп айттық", - деді топ мүшесі Қайрат Мырзаханов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2009249-bes-zyldan-keiin-keldi-melomen-toby-ziger-auypbaevtyn-qaita-topqa-qosylgysy-kelgenin-aitty-video/

pixel