Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айтыскер: "Алтын домбыра" – айтыстың абыройы үшін керек, ақынның абыройы үшін қауіпті

Опубликовано:

Асанәлі Әшімов, Еркебұлан Қайназар
Асанәлі Әшімов, Еркебұлан Қайназар. Фото: instagram.com/erkebulan_qainazar

Айтыс саласының майталманы, 2022 жылғы "Алтын домбыра" жүлдесінің иегері Еркебұлан Қайназар аталмыш айтыс түріне қатысты сұхбат берді. Айтыскер неге дәл осы дода айналасында шудың көп болатынын айтты, деп жазады "Айқын" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Алтын домбыраны" маңдай терімен алған адамда абырой болады. Халық қа­ла­май тұрып, жүлдені алған кезде абы­ройын жоғалтатын болар. Екеуіне де тіке­лей әсер етеді. "Алтын көрсе, періште жолдан таяды" дейміз. Алтын айтыстың аура­сына әсер етеді. Басқа-басқа осы "Ал­тын домбыраға" келгенде шу көтеріледі. Әділетсіздік пен әттеген-ай да бар. Оның үстіне, аурасы ауыр.

Бәсекенің атауындағы даңқ пен дақпырт әсер етпей қоймайды. Көбінесе, осы айтыстың аяғы шумен, бірнеше айға созылатын пікірталаспен аяқ­талып жатады. Былтыр және 2021 жы­лы Бекарыс Шойбеков алған жылы ты­ныш өтті. Өзім де "алсам, абыроймен ал­сам" деп тілеп жүргенмін. Бұған дейін де "алмадық" деп жер тепкілегенім жоқ. Жал­пы, "Алтын домбыра" – айтыстың абы­ройы үшін керек, ақынның абыройы үшін қауіпті", - деді айтыскер Еркебұлан Қайназар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2009278-aitysker-altyn-dombyra-aitystyn-abyroiy-usin-kerek-aqynnyn-abyroiy-usin-qauipti/

pixel