Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алла маған бес елі бақ берген": Құдалығы өткен Ерке Есмахан жұбайына жантебірентерлік жазба арнады (фото, видео)

Опубликовано:

Ерке Есмахан отбасымен
Ерке Есмахан отбасымен. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Кеше құдалығы өтіп, сырғалым атанған Ерке Есмахан жұбайы Раимға жантебірентерлік жазба арнады. Әнші қуанышының әр қызға жұғысты болуын тіледі, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Алла маған бес елі бақ берген екен. Бізді сынайтын адам емес, адамның бәрі - пенде. Өткен өмірімде тұрмыста болып, дүниеге ұл әкеліп, ана бақытын сезінсем де, Алланың бұйрығымен "сырғалым" атандым.

Қыздар, маңдайға қандай тағдыр, қандай сәтсіздік жазылса да мойымаңыздар! Алла әр қыз баласына әйел бақытын береді. Бүгінгі қуанышым әр қызға жұғысты болсын", - деп жазды Ерке Есмахан.

Сонымен қатар әнші Раимның өзіне ән жолдарын арнағанын айтып, жұбайына жан сырын ақтарды.

"Екеуіміз екі бөлек жүргенде маған хабарласып, "Саған арналған тағы бір ән шықты, тыңдашы" деген еді. "Күрсінбе, біз екеуіміз тек әндерімнің ішінде" деген жолдары бар.

Жаным-ау, енді тек әндеріңнің ішінде емес, үйіңнің ішінде, бір шаңырақ астындамыз! Алла болашағымызды жарқын етсін", - деп жазды Ерке Есмахан Instagram парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, Ерке Есмаханға кеше сырға салынып, құдалығы өткен болатын.

Әнші салтанатты рәсім өткеннен кейін өмірден өткен әкесін еске алып, анасына ризашылығын білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2010019-qudalygy-otken-erke-esmaxan-zubaiyna-zantebirenterlik-zazba-arnady-foto-video/

pixel