Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актриса Индира Еділбаева су жаңа көлік алды (фото, видео)

Опубликовано:

Актриса Индира Еділбаева
Индира Еділбаева. Фото: instagram.com/indi_edilbayeva

Отандық актриса Индира Еділбаева су жаңа көлік алды. Өнер иесі темір тұлпарын көпшілікке көрсетіп, көрімдік сұрады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қуанышты жаңалығын актриса Instagram парақшасында бөліскен.

"Жарты жыл бұрын алдыма мақсат қойып, соған жеттім. Баршанызға жұғысты болсын. Құттықтаулар мен көрімдік қабылдаймын.

Суретті естелікке қалдырдым. Мақсат болса, бәрінің мүмкін екенін дәлелдеген ішкі челленджім", - деп жазды актриса.

Ал желі қолданушылары Еділбаеваны су жаңа темір тұлпарымен құттықтады.

"Құтты болсын", "Бізге де жұғысты болсын", "Жаңа көлігіңіз жақсылық әкелсін", "Керемет", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2011610-aktrisa-indira-edilbaeva-su-zana-kolik-aldy-foto-video/

pixel