Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Қайрат Нұртас концертінде әйеліне сезімін білдірді

Опубликовано:

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова
Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова. Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Отандық әнші Қайрат Нұртас жеке кешінде балаларының анасына сезімін білдірді. Әншінің Жұлдыз Әбдікәрімоваға гүл шоғын ұсынып, ән арнаған сәті TikTok желісінде тарады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан хитменнің сахнадан түсіп, көрермендер қатарында отырған Жұлдыз Әбдікәрімоваға қарай беттегенін көруге болады.

"Ешкімді сүймей өмір сүру өте жеңіл. Бірақ ондай өмір мағынасыз. Жұлдыз, мен сені сүйем", - деді Жұлдыз Әбдікәрімоваға гүл шоғын ұсынған әнші.

Осыдан соң Қайрат Нұртас "Сені сүйем" әнін орындау үшін сахнаға қайта оралды.

Айта кетейік, бұл видеоны көрген желі қолданушылары Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімоваға жарыса бақыт тіледі.

"Бақытты болыңыздар", "Қандай жарасымды жұп", "Өз отбасыңызбен болыңыз", "Жұптарың жазылмасын", - деді желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2012184-qairat-nurtas-koncertinde-aieline-sezimin-bildirdi-video/

pixel